Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны рас па?

537

Полиция ресми түсініктеме берді. 

Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны рас па? Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде Қосшы қаласындағы полиция бөлімінде түсірілген бейнежазба тарады. Видео авторының сөзінше, полицияда белгілі қоғам қайраткері Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны туралы мәлімет ілініп тұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 24 мамырда полицияға Көкшетау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына Ш. атты азамат дене жарақаттарын салғаны туралы арыз түсірген.

"Осы өтініш бойынша бастапқы іс жүргізу әрекеттері шеңберінде жеке құрам өтініште көрсетілген азаматты жеткізуге бағдарланды. Сол күні азаматтың өзі полиция басқармасына келді, оның қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті іс жүргізу әрекеттері мен тексеру іс-шаралары жүргізілді. Осыған байланысты жеке құрамның жеткізуге бағдарлануы өзектілігін жоғалтты", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу