Арман Жүдебаев қызметінен босатылды

333

Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды.

Арман Жүдебаев қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Арман Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Оның лауазымынан босатылуына басқа жұмысқа ауысуы себеп болған, деп хабарлайды  Inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, еңбек жолын 2006 жылы "Алматы әуендері" МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК домбыра тобының әртісі;

2009-2011 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ-нің дирижерлау кафедрасының оқытушысы;

2011-2013 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ-де домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2013-2018 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК бас дирижері;

2018-2023 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ ректоры;

2023 жылғы мамыр-шілде аралығы — Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы;

2023 ж.  — Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу