Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

3356

ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылы – ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу