Армандо Мендоза: Головкин қарсыласының мүмкіндігін дұрыс бағаламай отыр

940

Армандо Мендоза: Головкин қарсыласының мүмкіндігін дұрыс бағаламай отыр

Комментатор әрі журналист Армандо Мендоза қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресен жұдырықтасар алдында сөзіне абай болу керектігін айтты", - деп хабарлайды vesti.kz.
"Головкиннен осынша көп сөзді алғаш есті тұрмын. Ал Альварес еш үндемей жаттығы жатыр. Бұл GGG жанкүйерлеріне күдік тудыруы керек еді, өйткені, асқақтық ешқашан жетістіке жетелемейді. "Канело" ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндей дайындалатынына сенімдімін. Сондықтан бұл жерде ешқандай әзіл мен менсібеушілікке орын жоқ. Головкин қарсыласының мүмкіндіктерін дұрыс бағалау керек. Әйтпесе шұбатылған тілі үшін өзі жазалаған қарсыластарының күйін кешуі мүмкін", - дейді Мендоза.
Мұның алдында Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз "Канелоның" Чавеспен жұдырықтасқандағы әрекетіне күлген Головкиннің әзілдерін тым батыл болғанын айтқан.
Еске салайық, Головкин boxingnews24.com баслымына берген сұхбатында Чавеспен жұдырықтасқаннан кейін Альварестің көзінен қорқыныш көргенін айтқан.
Альварес-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың орны бар T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кеші PPV ақылы трансляция арқылы HBO арнасынан көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу