Армения 2017 жылы сәуірде парламенттік басқару формасына өтеді

1038

Армения 2017 жылы сәуірде парламенттік басқару формасына өтеді

Армения президенті Серж Саргсян 2017 жылы 2 сәуірде парламент сайлауын өткізу туралы қаулыға қол қойды, саяси науқан аяқталған   соң Армения қазіргі жартылай президенттік формадан парламенттік басқаруға өтеді. Бұл туралы Reuters хабарлады деп жазады 7kun.kz.

2015 жылы желтоқсанда Армения тұрғындары президенттің билігін шектеп, үкіметтің құзыретін күшейтуге арналған конституциялық заң жобасын референдум арқылы қолдады. Президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзарады, бірақ оның құзыреті шектеледі.

Оппозиция бұл заңға қарсы шығып, Саргсян премьер-министр қызметіне ауысу арқылы билігін сақтап қалғысы келеді деген күдігін айтты. Саргсян мұндай айыптауды жоққа шығарып отыр.

Саргсян президенттік қызметте 2018 жылға дейін отырады. Одан соң ел парламенттік басқару формасына өтіп, президентті парламент сайлайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу