Армения 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландырмайтын болды

347

Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Армения 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландырмайтын болды Фото: aqorda.kz

Осы ретте Ереван ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы шешімді шектеулі форматта қабылдауға қарсылық танытпайды.

– Армения Республикасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2023 жылғы 23 қарашадағы "2024 жылға арналған ҰҚШҰ бюджеті туралы" шешіміне қосылудан және сол арқылы Ұйымның осы шешімде көзделген қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартады. Сонымен бірге Ереван бұл шешімнің шектеулі форматта қабылдануына қарсылық білдірмейді, – деді Ани Бадалян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу