Армения Алматыда өткен екіжақты кездесуге риза

233

Қазақстанда Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің сындарлы кездесуі болды. 

Армения Алматыда өткен екіжақты кездесуге риза Фото: report.az

ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Ян Боргпен Ереванда өткен бірлескен баспасөз конференциясы барысында армян дипломатиясының басшысы Арарат Мирзоян осындай баға берді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Әзербайжан тарапымен соңғы келіссөздеріміз сындарлы болды. Менің бағалауым тараптардың келіссөздерінің қорытындысы бойынша шығарылған бірлескен пресс-релизде толық көрсетілген. Қазіргі уақытта бұдан артық айтарым жоқ, айту да орынсыз сияқты. Процесс жалғасын табады және ол біз бұған дейін бірнеше рет айтқан талаптарға сай жүреді", — деп атап өтті министр.

10-11 мамырда Алматыда Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары-Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамовтың келіссөздері өтті. Кездесудің бастамашысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Министрлер мен олардың делегациялары "Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы" келісім жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті, әлі де біршама келіспеушіліктер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу