Мұндай шешім елде ауқымды халықаралық іс-шаралардың өтуіне байланысты енгізіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
VIII Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті, Армения–ЕО саммиті және "Ереван диалогы" бастамасы өтеді. Сондай-ақ көптеген шетелдік делегацияның келуі жоспарланған.
– Қауіпсіздік мақсатында 2026 жылғы 3–5 мамыр аралығында Арменияның әуе кеңістігінде жалпы мақсаттағы авиацияның кез келген ұшуларына, соның ішінде азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарына тыйым салынады, – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін VIII Еуропалық саяси қоғамдастық (ЕҚС) саммиті 2026 жылғы 4 мамырда Ереванда өтетіні хабарланған еді.
Алдағы саммиттің негізгі тақырыптарының бірі – өзара байланыс мәселесі. Атап айтқанда, Орта дәлізді (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) дамыту және Еуропа, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия арасындағы тауарлар, энергия ресурстары және талшықты-оптикалық коммуникациялар бойынша үздіксіз байланысты қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.