Армения Әзербайжан тарапының үш әскериді атып тастағанын мәлімдеді

929

Тағы екі адам жарақат алған.

Армения Әзербайжан тарапының үш әскериді атып тастағанын мәлімдеді

Әзербайжан Қарулы күштері шекараның солтүстік-шығыс бөлігінде армян позицияларына оқ жаудырып, салдарынан үш армян әскериі қаза тапты,деп хабарлайды Inbusiness.kz Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шабуыл кезінде екі жауынгер жарақат алды. Қазір қақтығыс жүріп жатыр", – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

12 мамырда армян-әзербайжан шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті. Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан Қарулы Күштері Арменияның мемлекеттік шекарасын бұзып, армян территориясына кірді деп мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде басталып, аймақтағы ахуал ушығып кеткен еді. 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу