Армения делегациясы Алматыдағы ҰҚШҰ отырысына келген жоқ

666

Армения делегациясы Алматыдағы ҰҚШҰ отырысына келген жоқ

Армения делегациясы Алматыда өтіп жатқан ҰҚШҰ заңсыз миграциямен күрес бойынша үйлестіру кеңесінің отырысына келе алған жоқ, деп хабарлайды Today.kz.

"Отырыс қатысушыларына кеше Армения Республикасынан Ереван қаласындағы жағдайға байланысты Армения делегациясы Алматыда өтетін ҰҚШҰ ЗМКҮК 21-отырысына қатыса алмайтыны туралы жеделхат келгенін айтқым келеді", – деді ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков.

"Бұған бәріміз түсіністікпен қараймыз деп ойлаймын. Жағдай расында да қиын. Олар Армениядағы жағдайды реттеумен айналысуда", – деп қосты ол.

ҰҚШҰ Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу