2025 жылдың 4 сәуірінде Армения президенті Ваагн Хачатурян елдің ЕО-ға кіру процесін бастау туралы заңға қол қойды. Келесі қадамда билік Брюссельдегі әріптестерімен еуроинтеграцияның "жол картасын" талқылауды, содан кейін Еуропалық Одаққа кіру туралы референдум өткізуді жоспарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Коммерсантъ басылымына сілтеме жасап.
"Армения ЕО-ға мүшелікке өтініш берген жоқ, бұл бағытта келіссөздер жүргізілмейді, сондықтан мұндай жағдай туындаса, бұл мәселе орынсыз болар еді. Мен бұл сценарий бойынша пікір білдіре алмаймын", – деді Мирзоян Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Ереванда өткен бірлескен баспасөз конференциясында.
Алайда Армения әлі ЕО-ға кандидат мәртебесін алған жоқ.
Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Арменияның ЕО-ға ұмтылуына алаңдаушылық білдірді. Өйткені бұл елдің Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) мүшелігімен үйлеспейді. Армян билігі ЕАЭО-дан шығу жоспарын жоққа шығарды.