Армения премьер-министрі Пашинян Гранадада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінің декларациясына қол қойып, онда Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Құжатта Әзербайжанның аумағы Қарабақ территориясын қосқанда 86,6 мың шаршы шақырымды құрайды деп көрсетілген.
"Тараптар барлық күш-жігерді Арменияның (29 800 шаршы км) және Әзербайжанның (86 600 шаршы км) егемендігін, шекараларының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығын тануға негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағыттамақ", - делінген декларацияда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу