Армения Қарабақпен келісімге келу мәселесін қарастырып жатыр

733

Ел премьері Никол Пашинян мәлімдеме жасады. 

Армения Қарабақпен келісімге келу мәселесін қарастырып жатыр

Армения Таулы Қарабақпен стратегиялық келісімге келу жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті.

"Бірқатар мәселеге қатысты талқылаулар жүргізіледі. Оның ішінде Қарабақты мойындау, стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім, қорғаныс саласындағы келісім бар. Ахуалдың қандай болатынына байланысты тиісті шешім қабылдаймыз", – деді ол. 

Ескере кететін жайт, Әзербайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланған. Тараптар әлі де келіссөздерді бастаған жоқ. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі және бірқатар ықпалды мемлекет аймақтағы шиеленісті тоқтатып, ортақ мәмілеге келуге үндеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу