Армения Қарабақта қаза болғандардың туыстарына $10 мың төлейді

860

Ақшалай көмек Армениямен қатар Таулы Қарабақтың азаматтарына да көрсетіледі.

Армения Қарабақта қаза болғандардың туыстарына $10 мың төлейді Фото: tass.ru

Армения үкіметі Таулы Қарабақтағы әскери әрекеттер барысында қаза тапқандардыңы отбасыларына 10 мың доллардан үлестіру туралы шешім қабылдады. 

"Үкімет әскери әрекеттер кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалғандардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетеді. Бірінші топтағы мүгедектерге 6 мың доллар, екінші топтағыларға 4 мың доллар, үшінші топтағыларға 2 мың доллар беріледі", –деп жазылған министрлер кабинетінің ресми мәлімдемесінде.

Мұндай көмек Армениямен қатар Таулы Қарабақтың азаматтарына да көрсетіледі.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, қақтығыс салдарынан 2718 адам қаза тапқан. Бірақ олардың қатары көбейіп жатыр. Ал жарақат алғандардың саны әзірге жарияланбады.

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу