Армения Қарабақтағы қақтығысқа Түркия араласты деп отыр

1023

27 қыркүйекте Ресей мен Түркия осы шиеленісті талқылаған еді. 

Армения Қарабақтағы қақтығысқа Түркия араласты деп отыр

Армения сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы әскери әрекеттерге Түркияның тікелей қатысы бар деген мәлімдеме жасады. Ведомство жариялаған құжатта Анкараның 90-шы жылдары Бакуды қолдағаны жазылған. Ереванның ойынша, қазіргі қолдау мүлдем бөлек.Түркия әскери әрекеттерге тікелей кірісіп отырған көрінеді. 

Армения қорғаныс министрлігі де Қарабақта түркиялықтардың әзербайжандықтармен бірігіп армениялық әскерилермен шайқасып жатқанын айтты. 

Ескере кететін жайт, Армения мен Әзербайжанның Таулы Қарабақтың қай тарапқа тиесілі екені жайында ортақ келісімге келе алмай жүргеніне ондаған жыл болды. Шиеленіс 1988 жылдың ақпанында басталған еді. Яғни осы кезде Таулы Қарабақ автономды облысы Әзербайжан құрамынан шығатынын мәлім етті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Баку Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу