Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

768

Мұндай шешімге Әзербайжанмен шекарадағы жағдай себеп болған. 

Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

Ереван Қазақстанда 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Әзербайжан тарапынан көрсетілген агрессия нәтижесінде армян-әзербайжан шекарасында туындаған жағдайға байланысты Қорғаныс Министрлігі Армения Республикасының Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттерін негізге ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады", – деп мәлімдеді ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу