Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздер аяқталып, қос тарап бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы келісімшарттың мәтініне келісім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Армения мен Әзербайжан шенеуніктері 40 жылға жуық жалғасқан қақтығысқа нүкте қоятын бейбіт келісім мәтінімен жұмыстың аяқталғанын мәлімдеді.
Таулы Қарабақ автономиялық аймағы Әзербайжан КСР құрамына енген болатын. 1991 жылдың қыркүйек айында Таулы-Қарабақ республикасы құрылды.
Екі ел арасындағы аумақтық дау бірнеше қарулы қақтығыстарға ұласқан еді.
Осыған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Бакуде өткен форумда сөйлеген сөзінде "Арменияның конституциясында Әзербайжанға қатысты ешқандай аумақтық талаптар қалмауы тиіс" деген болатын.
"Армения Әзербайжанмен арадағы келісімнің мерзімдері мен орнын талқылауға дайын", – делінген Армения сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен арадағы бейбіт келісім жобасын келісу маңызды оқиға екенін баса айтты.