Армения үкіметі Ресей мен Беларусь құрған одақтас мемлекетке қосылу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы 10 ақпанда елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Арменияның күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ. Мұндай сұрақ туындамаса, "Армения – демократиялық және егемен ел" деген сөз және солай болып қалуға тиіс", – деді ол.
7 ақпанда Беларусь Президенті Александр Лукашенко Армения түбінде одақтас мемлекетке кіреді деп айтқан болатын. Ал оған дейін Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеді. "Егер біз қателік жібермесек, 15 жылдан кейін Украина одаққа кіруі мүмкін деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.
Табиғат Нұрболат