Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумды байқауға қатысады

108

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесті.    

Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумды байқауға қатысады Фото: gov.kz

Сұхбат барысында армян тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстырылып, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумға дайындық барысы туралы хабардар етілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Армения ОСК төрағасы референдумға халықаралық байқаушы ретінде қатысатынын растады. Ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту аясындағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сайлау үдерістерін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу