Армения Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

258

Бұған дейін БҰҰ-ның 193 елінің 143-і Палестинаны мойындаған болатын. 

Армения Палестинаның тәуелсіздігін мойындады Фото: Коммерсант

Осылайша елдің сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт өмір сүру қағидаттарына адалдығын растайтынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін, Палестинаның тәуелсіздігін Норвегия 22 мамырда, ал Испания мен Ирландия 28 мамырда ресми түрде мойындаған еді. Бұдан бөлек аталған елдің тәуелсіздігін Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия және Швеция қолдады. Жалпы алғанда, БҰҰ-ның 193 елінің 143-і, соның ішінде Ресей де тәуелсіз мемлекет ретінде таныған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу