Армения полициясы оппозицияның 277 жақтасын қамауға алды

633

Оппозиция орталық алаңда тағы да митинг өткізбек.

Армения полициясы оппозицияның 277 жақтасын қамауға алды

28 мамырда Армения полициясының арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері оппозициялық күштердің 277 жақтасын қамауға алды. Олар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп таңертең Ереванның орталық көшелерін жауып тастаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияның заңды талаптарын орындамаған 277 азамат учаскелерге жеткізілді", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еревандағы наразылық шаралары тоқтатылып, қазір көлік қозғалысы қалпына келітіріліп жатыр. Бірақ оппозиция кешке Еревандағы Франция алаңында митинг өткізуді жоспарлап отыр.

1 мамырдан бері Арменияда "Армения" блогы, Республикалық партия, "Дашнакцутюн" және "Отан" партиялары бірлесе оппозициялық күштердің ауқымды наразылық акциясын ұйымдастыруда. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, Пашинян Әзербайжанмен келісімге келіп, Таулы Қарабақты оның бір бөлігі деп мойындамақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: mirrorspectator.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу