Армения премьер-министрі Әзербайжанға өзара аумақ алмасуды ұсынды

624

Әзірге бұл бағытта нақты келісімге қол жеткізілмеді.

Армения премьер-министрі Әзербайжанға өзара аумақ алмасуды ұсынды Фото: news.ru

Армения премьер-министрі Никол Пашинян армян-әзербайжан шекарасындағы анклавтар мен эксклавтар мәселесін аумағы бірдей жерлерді өзара алмасу арқылы шешуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, шекараны делимитациялау мен демаркациялау 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде жүргізілуі қажет. Армения премьер-министрі шекараның екі жағында да ешқандай анклав пен эксклав қалмауы тиіс екенін атап өтті.

Армения үкіметінің басшысы екі ел арасындағы көлік пен коммникациялық бағыттардың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді. Премьер-министр Түркіменстанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жүздескеннен кейін бұл бастаманы жүзеге асыруға болады деген алдын ала пікір түйгенін айтты. Десе де, аумақтарды алмасу жөніндегі түпкілікті келісімге әзірге қол жеткізілген жоқ.

Армениялық БАҚ-тың жазуынша, Пашинян елдің аумағы 29 743 шаршы шақырымды құрауы тиіс екенін атап өткен. Сондай-ақ ол екі ел бір-бірінен кез келген аумақтық немесе өзге де талаптардан бас тартуы қажеттігін баса айтты.

"Олар ешқандай талап қоймай, Қарабақ, Гардман, Ширван, Нахичеван немесе Батыс Әзербайжан сияқты мәселелерді қоса алғанда, барлық жағдайда бір-біріне тиіспеуі тиіс", – деді Армения премьер-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу