Армения премьері мен оның отбасы коронавирус жұқтырды

490

Үкімет басшысы Никол Пашинян тікелей эфирде қазіргі жағдайы туралы айтты. 

Армения премьері мен оның отбасы коронавирус жұқтырды

Армения премьер-министрінің Covid-19 инфекциясына шалдыққаны анықталды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлім етті. 

"Кеше коронавируты анықтайтын тест тапсырып, дертке шалдыққаным белгілі болды. Бұған дейін менде аурудың белгілері болған жоқ. Дегенмен алдыңғы шепте жұмыс істейтіндердің қатарынан болғасын тексерістен өтуге тура келді. Отбасымдағылардың барлығында да тура осындай жағдай. Олар вирусты менен жұқтырған болу керек", —деді Пашинян.

Оның айтуынша, қызуы көтерілмесе де, енді ол дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс. Өйткені кез келген уақытта аурудың басқа белгілері байқалуы әбден мүмкін. Енді үкімет басшысы өз резиденциясында жұмыс істейді. Пашинян вирусты медициналық қолғап кимеген даяшы су ұсынған кезде жұқтырдым деп топшылаған болатын. Кейін талдау нәтижесінде сол даяшының ағзасынан коронавирус анықталғаны жарияланды. Ескере кету керек, Армения премьері бұл мәлімдемесін 1 маусымда, яғни 45 жасқа толған күнінде жасады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу