Армения Сыртқы істер министрі Мәскеуге келді

782

Бұған дейін де ол ресейлік әріптесімен кездескен еді.

Армения Сыртқы істер министрі Мәскеуге келді Фото: ria.ru

Армения СІМ басшысы Зограб Мнацаканян жұмыс бабымен Мәскеуге келді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі мәлім етті.

Енді 23 қазанда Мнацаканян АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуді жоспарлап отыр.

9 қазанда Әзербайжан, Ресей, Армения елдерінің Сыртқы істер министрлері РФ президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мәскеу қаласында келіссөздер жүргізіп, Таулы Қарабақта оқ атпау туралы мәмілеге келген болатын.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді. Ресми Баку армяндар әзербайжандық позициялар мен елді мекендерге шабуылдады дегенді айтты. Ереван болса, Қарабаққа шабуылдаған әзербайжандықтар және Түркия Әзербайжанды жауынгерлермен қамтамасыз етіп отыр деп жариялады. 

Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжан Кеңес Социалистік Республикасынан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Баку бұл аймақты күшпен қайтарғысы келіп еді, оның арты соғысқа ұласып кетті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері әскери әрекеттер тыйылмай келеді.

Қазір әлем қауымдасытығы қос мемлекетті жағдайды ушықтырмауға, келіссөздер жүргізуге шақырып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу