Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды

243

Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.

Армения тағы да ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспайды Фото: Central Asia media

Армения ҰҚШҰ-ның кезекті оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты. Ұйымның және "Өзара іс-қимыл – 2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Армения әскери қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.

Ұйым сайтындағы мәлімет бойынша оқу-жаттығуларға мына контингенттер қатысатыны айтылған:

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері;

Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрліктері;

Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы және Ресейдің ұлттық гврдиясы;

Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының арнайы қызметтерінің өкілдері;

Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының жедел топтары.

Армения тарапы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарлады. Еске сала кетейік, 2023 жылғы қаңтарда Арменияда ҰҚШҰ жаттығулары тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу