Армения тарапы Қарағандыда болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

1402

Бүгінде ресми Ереван мен Астана бұл жағдайды қатаң бақылауға алып, тығыз байланыс жасап отыр.

Армения тарапы Қарағандыда болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Армения тарапы Қарағандыдағы мейрамханада болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарянның айтуынша, екі тарап жаңа жыл түніндегі төбелестің тұрмыстық деңгейде болғанына сенімді.

Бүгінде ресми Ереван мен Астана бұл жағдайды қатаң бақылауға алып, тығыз байланыс жасап отыр.

"Екі тарап та бұл оқиғаны тұрмыстық жанжал деп ойлайды. Бұл оқиғаға ұлтаралық қақтығыс сипатын беруге болмайды. Қазақстан тарапы жағдайды бақылауда ұстауға, ұлтаралық қақтығыстың туындамауына кепілдік берді. Жұмыстар істеліп жатыр. Арменияның Қазақстандағы елшілігі жергілікті армяндармен байланысып отыр", – дейді Армения сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян.

Еске салайын, жаңа жыл түнінде Қарағандыдағы мейрамханада жігіттер арасында жанжал шыққан. Мерекелік кештің соңы төбелеске ұласып, салдарынан 23 жастағы жігіт көз жұмды. Полиция оқиғаға қатысы бар жеті адамды ұстап, олардың бесеуін қамауға алды. Тағы бір күдікті қазір халықаралық іздеуде. Әлеуметтік желіде кикілжіңнің ұлтаралық қақтығыс салдарынан туғаны туралы жазылды. Прокуратура мұны жоққа шығарып, вконтакте желісі арқылы арандатушылық жазбалар бөліскендердің жазаланатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу