Армения Таулы Қарабақ бойынша ымыраға келуге дайын екенін білдірді

684

Бұған дейін Путин мен Пашинян аймақтағы ахуалды талқылаған еді. 

Армения Таулы Қарабақ бойынша ымыраға келуге дайын екенін білдірді

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның қандай жағдайда келісімге келетінін мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, өзара шарттарға көну арқылы аймақтағы шиеленісті шешуге болады. 

"Егер де Әзербайжан өзара келісілген бірдей талаптарды орындауға келіссе,Таулы Қарабақ та, Армения да кет әрі емес", – деді Пашинян.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер Ресей президенті Владимир Путинмен осы түйткілді телефон арқылы сөйлесіп талқылаған еді. Қос тарап та шиеленістің өршіп бара жатқанын, оның арты жазықсыз бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соғатынын айтты. Ресей басшысы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтатып, келіссөздер жүргізуге үндеді. 

Армения мен Әзербайжанның Таулы Қарабақтың қай тарапқа тиесілі екені жайында ортақ келісімге келе алмай жүргеніне 30 жылдай болды. 1988 жылдың ақпанында Таулы Қарабақ автономды облысы Әзербайжан Кеңес Социалистік Республикасының құрамынан шығатынын мәлім еткен еді.Әзербайжан Қарабақты бірнеше мәрте қайтармақшы болды. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Баку Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалды. Аймақтағы дау әлі күнге дейін шешілген жоқ.

1992 жылдан бері осы шиеленісті шешу үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келеді. Бұл топқа Ресей, АҚШ және Франция елдері төрағалық етеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу