Армения Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

1280

Оңтүстік Кавказ елдерінің арасындағы шиеленіс 1988 жылы бастау алған.

Армения Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

Армения қарулы күштері ірі калибрлі пулеметтермен майдандағы Әзербайжан әскеріне әр түрлі бағыттардан оқ атып, отты тоқтату режимін бір тәулік ішінде 28 рет бұзған, деп хабарлайды Әзербайжан қорғаныс министрлігіне сілтемемен egemen.kz.

Арменияның Ноемберян және Красносельск аудандарындағы тау шатқалдарынан Әзербайжанның Кемерли Гедабек ауданы аумағында орналасқан Әзірбайжан армиясына оқ атылған. Сонымен қатар, жақын жердегі оккупацияланған Агдам ауданындағы Баш Карвенд, Джевахирли, Юсифджанлы, Мерзили ауылдарынан, Физулин ауданының Гобу Дилагарда ауылынан, Джебраиль ауданындағы Нюзгяр, Мехдили ауылдарынан да оқ жауған. Осылайша, Армения қарулы күштері 1994 жылы қабылданған отсыз режимді бұзды. 

Естеріңізге салар болсақ, Оңтүстік Кавказ елдерінің арасындағы шиеленіс 1988 жылы бастау алған.

Әзербайжан мен Армения арасындағы территория қақтығысын тоқтату үшін Ресей, Франция, АҚШ тарапынан келіссөздер жүргізілуде. Алайда, екіжақты келісімге келу әлі де қиын болып отыр.  Әзербайжан территориясын 20%-ын оккупациялаған Армения БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Таулы Қарабақты азат ету" төрт резолюциясының біреуін де орындамаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу