Армения Таулы Қарабаққа көмек көрсету үшін 10 миллион доллар бөледі

487

Таулы Қарабақтағы гуманитарлық ахуал күннен күнге нашарлап келеді.   

Армения Таулы Қарабаққа көмек көрсету үшін 10 миллион доллар бөледі Фото: rbc.ru

Армения үкіметі Таулы Қарабаққа қосымша 10 миллион доллар бөлуге ниетті. Бұл туралы бейсенбіде Министрлер кабинетінің отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Таулы Қарабақтағы гуманитарлық жағдай Лачинск дәлізінің жабылуы нәтижесінде күннен күнге нашарлап келеді. Ондағы жүздеген отбасылар блокаданың екі жағында қалды. Қажетті тауарлардың жетіспеушілігі барған сайын үлкен проблемаға айналды: дүкендер қаңырап, халық әлеуметтік әрі психологиялық қысымды бастан кешіруде ", - деп атап өтті ол.

Осының бәрін ескере отырып, Пашинян Таулы Қарабақ халқын қолдау үшін вице-премьер Тигран Хачатрян бастаған жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның міндетіне Таулы Қарабақ билігімен гуманитарлық мәселелерге мониторинг жүргізу және халықаралық ұйымдардың көмегімен қажетті шұғыл қолдау көрсету.

"Бүгінде Үкіметтің күн тәртібінде Таулы Қарабаққа қосымша төрт миллиард драма [$10 млн] бөлу мәселесі тұр", - деп қорытындылады Армения үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу