Армения үкіметі Еуроодаққа кіру туралы заң жобасын мақұлдады

166

ЕО да Армениямен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Армения үкіметі Еуроодаққа кіру туралы заң жобасын мақұлдады Фото: currenttime.tv

Арменияның атқарушы билігі 9 қаңтар күні елдің Еуропа Одағына кіру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Енді құжат Парламентке жіберіледі.

"Соңғы жылдары Армения мен Еуроодақ өте қарқынды әрі белсенді қарым-қатынас орнатты. Бұл әртүрлі салаларды қамтыды. ЕО әр түрлі жағдай кезінде Армениядағы демократияға ерекше саяси қолдау білдірді. Мен Еуроодақтың азаматтық бақылау миссиясын орналастыруды айтып отырмын. ЕО Арменияның экономикалық тұрақтылығын нығайтуға көмектесуге ниетті екенін білдірді", – деді Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.

Былтырғы қыркүйек айының басында Еуроодақ Армениямен визалық режимді ырықтандыру туралы келіссөздерді бастаған болатын. Ал наурызда Еуропарламент Арменияның ЕО-ға кіруіне үміткер ретінде мәртебе беретін қарар қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу