Армения ҰҚШҰ алдындағы қаржылық міндеттемелерінен бас тартты

211

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын ҰҚШҰ-ның 2024 жылғы бюджетіне қол қоймайтыны туралы ресми түрде хабардар етті. 

Армения ҰҚШҰ алдындағы қаржылық міндеттемелерінен бас тартты Фото: Ритм Евразии

Республиканың құрылым алдында қаржылық міндеттемелері жоқ. Бұл туралы армян сыртқы саяси ведомствосы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Армения Республикасы ҰҚШҰ Хатшылығына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің (ҰҚК) "ҰҚШҰ 2024 бюджеті туралы" шешіміне қол қоюдан және шешімде көзделген ұйым қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартатыны туралы ресми түрде хабарлады. Демек, Армения Республикасы аталған шешіммен қарастырылған қаржыландыруға қатысты ешқандай міндеттеме алған жоқ", - деді СІМ.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Армения өзінің әскери-саяси блоктағы мәртебесін ресми түрде нақтылайды деп күтеді, деп мәлімдеді ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 21 маусымда Алматыдағы ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысында. 

"Менің ойымша, Армениядағы саяси басшылық жағдайды нақтылайды және ресми шешім — ұйымның құрамында болу немесе болмауы туралы хабардар етеді", — деп атап өтті ҰҚШҰ әкімшілік басшысы. 

Сонымен қатар, Тасмағамбетовтің айтуынша, ҰҚШҰ Армения алдындағы барлық міндеттемелерін сақтайды, республика ұйымның одақтасы болып қала береді.

2024 жылдың ақпанында Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын жариялады, кейінірек ұйымның қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартты. 13 маусымда республика парламентінде сөйлеген сөзінде Премьер-Министр Никол Пашинян Арменияның болашақта ҰҚШҰ-дан шығатынын жоққа шығармады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу