Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін

486

Оған қоса Армения алдағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысатынын растаған жоқ.

Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін Фото: РБК

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян ел билігінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігі жайлы көзқарасын білдірді. Үкімет басшысының айтуынша, Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы әлі де өзекті мәселе болып қала бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

"Егер Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы шешім қабылдаса, ҰҚШҰ Армениядан шығатынын түсініп, қабылдағанының нәтижесінде болады. ҰҚШҰ-ның Армениядан шығуы туралы сөз еткенде мен ұйымның Армения алдындағы міндеттемелерін мензеп отырмын",-деді Пашинян дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

"Сондықтан бұл мәселе өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әлі қарастыратын жайттар көп. Сондықтан Үкімет мұны тағы талқыға салады", - деп атап өтті Пашинян. 

Оның айтуынша, "егер ҰҚШҰ Армениядан шыққаны белгілі болса, онда ұйымға мүшелік тоқтатылып, қауіпсіздік мәселелерін талқылау кезінде Арменияға кедергі келтіреді".

"Басқа елдерден бізге қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу туралы ұсыныстар түскен жоқ деп ойлайсыз ба? Әрине, ондай мүмкіндік болды, бірақ біздің теріс жауабымыз Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігіне байланысты болды", - деді Пашинян.

Сонымен қатар, Пашинян Армения ҰҚШҰ-ның Қырғызстандағы "Бұзылмайтын бауырластық" жаттығуларына қатысатын, не қатыспайтынын ашып айтпады. 

"Біз әзірге бұл сұрақты талқылап жатырмыз. Егер біз жаттығуларға қатысатын болсақ, қандай форматта, қандай көлемде қосылатынымыз әлі белгісіз. Біз қосымша талқылаймыз және хабарлаймыз", - деді Пашинян дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Қаңтар айында ол Армения ҰҚШҰ жаттығуларын 2023 жылы ел аумағында өткізуді орынсыз деп санайтынын мәлімдеді. Ақпан айында ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров ҰҚШҰ-ның "Бұзылмайтын бауырластық" жаттығулары Қырғызстанда өтетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу