ҰҚШҰ елдерінің өкілдері ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесі өтіп жатқан Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде кездесті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Армения өкілі Скопьеде өткен ҰҚШҰ елдері өкілдерінің кезекті жұмыс кездесуіне қатысқан жоқ", - деді елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян, 30 қарашада Арменияның қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ЕҚЫҰ-ның Скопьедегі министрлер кездесуіне қатысып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу