Арменияда 90 адам тамақтан уланып қалды

843

Арменияда 90 адам тамақтан уланып қалды

17 мамыр күні 18:30-да Арменияның Армавир облысы Аревадашт ауылының аумағында жүзім өсірумен айналысатын "Армян Жері" компаниясының 90 қызметкері тамақтан уланып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат Арменпреске сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 20 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Компанияның 30 жұмысшысы "Мецамор" медицина орталығына жеткізілді. Енді олар медициналық тексеруден өтіп жатыр.

ТЖК құтқару қызметі жедел тобы Армавир медицина орталығына барды.

Қазіргі мәлімет бойынша, 55 қызметкер екі ауруханада ем алып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу