Ан-2 ұшағы Арменияның Котайк облысындағы Егвард қаласының маңында апатқа ұшырады, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты республика ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат туралы ақпарат осы жұмада сағат 09.30-да (Астана уақытымен 10.30) оқиға куәгерлерінен келіп түсті, содан кейін жедел топ әуе кемесінің апатқа ұшыраған жеріне барды.
Қазір төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын Армения ІІМ басшысының м.а. Егор Карапетян басқарады, деп хабарлады ведомствода.
Апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағы оқу-жаттығуға арналған және Армения Қорғаныс министрлігінің иелігінде, деп хабарлады әскери департаменттің баспасөз хатшысы Арам Торосян.
"Мен құлаған ұшақтың оқу-жаттығуға арналғанын растаймын. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған ұшқыштардың отбасы мүшелеріне, туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады", - деді Торосян.