Абырой болғанда олардың әрекеті жүзеге аспаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай әрекетті қылмыстық-олигархиялық діни топтар ұйымдастырған болуы мүмкін. Аталған іс бойынша қазір Арменияда 14 адам ұсталған, оның арасында архиепископ Баграт (Галстанян) та бар. Ол үкіметке өткір сын айтып, белсенділігін көрсетуімен белгілі.
– Полиция қызметкерлері Армения Республикасындағы жағдайды тұрақсыздандыру және билікті басып алу жөніндегі қылмыстық-олигархиялық діни топтардың ауқымды әрі зұлым жоспарын жүзеге асыртпай, дер кезінде тоқтатты, – деп жазды Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында.
Құқық қорғау органдары 90-нан астам тінту жұмысын жүргізген. Ал оппозиция бұл әрекеттерді "саяси астары бар қудалау" деп сынап жатыр.
Кеше таңда "Қасиетті күрес" қозғалысы мүшелері мен жақтастарының үйінде полиция тінту жұмыстарымен айналысқан. Ұйым лидері архиепископ Багратпен бірге тергеуге Армения оппозициялық "Армения" блогының депутаты Артур Саркисян, елдегі ең көне партия – "Дашнакцутюн" мүшесі Игорь Саркисян, мойындалмаған Таулы Қарабақ парламентінің бұрынғы депутаты Давид Галстян жеткізіліп отыр.
Осыдан соң жағдай күрделеніп, Армения Тергеу комитеті ғимаратының алдында ұсталғандардың жақтастары жиналды. Сондықтан, ішкі әскерлер де сонда шоғырланып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кіріскен.