Арменияда мемлекетке опасыздық жасағандар өмір бойына сотталады

1194

Сонымен қатар тыңшылықпен айналысқандар да осындай жазаға тартылады.

Арменияда мемлекетке опасыздық жасағандар өмір бойына сотталады

25 наурызда Армения парламенті екінші және соңғы оқылымда мемлекетке опасыздық жасағандар пен тыңшылықпен айналысқандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Оған қоса қылмыскерлердің жеке мүлкі де тәркіленбек. 

"Заң жобасын 112 депутат қолдап дауыс берді. Қарсы болғандар немесе дауыс бермегендер жоқ", – деді парламент спикері Арарат Мирзоян.

Заң жобасына сәйкес, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сот айыпталушыны 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға, ал тыңшылықпен айналысқандарды 12 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бостандығынан айыру туралы үкім шығаруға құқылы. Заң жобасын "Өркендеген Армения" оппозициялық фракциясы ұсынған болатын. Президент қол қойған жағдайда құжат күшіне енеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: vestikavkaza.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу