Арменияда он мыңға жуық адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

172

Ереванда архиепископ Баграт Галстанян бастаған наразылық білдірушілер парламент ғимараты мен үкіметтік сарайлар бағытында шеру өткізді. 

Арменияда он мыңға жуық адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті Фото: DW

Армения астанасы Ереванда үкіметке қарсы ауқымды келісілген митинг өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Коммерсант" газеті мен ТАСС агенттігі жазғандай, оған бірнеше ондаған мың адам қатысты.

News.am армян онлайн-басылымының ақпараты бойынша Республика алаңындағы митинг аяқталғаннан кейін армян апостолдық шіркеуінің архиепископы Баграт Галстанян бастаған наразылық акциясына қатысушылар парламент ғимараты мен үкіметтік сарайлар бағытында шеру өткізді. Деректер бойынша наразылық қатысушыларының арасында Армения Ұлттық жиналысының депутаттары да болды.

Өз тарапынан полиция наразылық білдірушілермен болған жанжалдан кейін арнайы құралдарды пайдалануға дайын екенін ескертті. "Кейінірек жағдай түзелді", - дейді ТАСС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу