Арменияда ТЖ режимі 13 маусымға дейін ұзартылды

642

Елдегі өнеркәсіп, қызмет көрсету, сауда салалары жұмысын бастап, қоғамдық тамақтану орындары ашылып жатыр.

Арменияда ТЖ режимі 13 маусымға дейін ұзартылды

Армения үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін 13 маусымға дейін созуды ұйғарды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

"16 наурызда енгізіліп, 14 мамырға дейін ұзартылған төтенші жағдай режимі 30 күнге, яғни 13 маусымға дейін жалғасады",– деді елдің Әділет министрі Рустам Бадасян.

Соңғы мәлімет бойынша, осы күнге дейін 3860 тұрғын вирус жұқтырған. Оның 1572-сі ем-дом қабылдап жазылған. Ал 49-ның ауруы асқанып қайтыс болды. 4 мамырдан бастап өнеркәсіп, қызмет көрсету, сауда салалары жұмысын бастап, қоғамдық тамақтану орындары ашылды. Сонымен қатар азаматтардың емін-еркін жүріп-тұруына рұқсат берілді. 

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетінің таралуын пандемия деп жариялаған еді. Ұйымның соңғы мәліметі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4,1 миллионнан асып, оның 287 мыңы қаза тапқан. Аурудан шамамен 1,54 миллион адам жазылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу