Арменияда археологтар биліктің Арени ауылы жанындағы көне үңгірлерді туристер үшін ашу жоспарына қарсы шығып отыр. Өйткені саяхатшылар ежелгі ескерткіштерді бүлдіруі мүмкін.
Негізі биліктің бастамасы жайлы өткен айда белгілі болған. Тіпті мәдениет министрлігі мұнда эскурсия ұйымдастыру үшін жергілікті және шетелдік компаниялар арасында байқау жариялаған. Шарадан түскен қаржының бір бөлігін археологиялық зерттеулер үшін жарату жоспарда бар.
Жалпы, Арени ауылы жанындағы көне үңгірлердің ұзындығы 3,5 шақырымға дейін жетеді. Айтарлықтай ылғал болмағандықтан, мұнда ежелгі адамдардың сүйектері мен тұрмыстық заттары сақталып қалған. Археологтардың осында зерттеу жұмысын жүргізіп жатқанына 30 жылға жуықтаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу