Армениядағы митингте 230-ға жуық адам ұсталды

248

Ереванда мыңдаған наразылық білдірушілер Никол Пашинянның отставкаға кетуін және Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау мен демаркациялау туралы шешімнің күшін жоюды талап етеді. 

Армениядағы митингте 230-ға жуық адам ұсталды Фото: rambler.ru

Армениядағы үкіметке қарсы наразылықтарда 226 адам ұсталды. Бұл туралы News.am армян онлайн-басылымы ел ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Бүгін таңертең ресейлік "Интерфакс" ақпарат агенттігі ел ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, наразылықтың 197 қатысушысы ұсталғанын хабарлады.

Өз кезегінде ТАСС агенттігі Армения ІІМ-ге сілтеме жасай отырып, қамауға алудың себебі наразылық білдірушілердің "полицияның заңды талаптарын" орындаудан бас тартуы екенін атап өтті.

"Бостандық радиосы" жазғандай, полицейлер наразылық жетекшісі - архиепископ Баграт Галстанянды да ұстауға тырысты, бірақ басқа демонстранттар бұған жол бермеді. 

26 мамыр қарсаңында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Ереванда отставкаға кетуін талап еткен акцияға бірнеше мың адам шықты. Жиналғандар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны жақында делимитациялауға және демаркациялауға қарсы болды. Дегенмен төрт ауыл Баку аумағына өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу