Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталды

1647

Тіркелген көліктерге сары нөмір беріледі.   

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталды

Еліміздің  Ішкі істер министрлігінің өкілі Серік Түсіповтің айтуынша, 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген автомобильдер есепке алынады.  Көлікті тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оның  695 теңгесі тіркеу үшін алым, 3 773 теңгесі техпаспорт, 7 778 теңге мемлекеттік нөмір үшін баж салығы.  Басқа төлемдер көзделмеген. 

Есепке алынған машиналарға сары нөмір беріледі. Өйткені көлік басқа мемлекетте тұрақты тіркеуде тұр. Ал сары нөмірлер автомобильдің меншік иесінің нақты тұратын жері бойынша өңірдің кодымен беріледі.

Айта кетерлігі, оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу