Еуразиялық экономикалық кеңес COVID-19 пандемиясы мен індеттің екінші толқынының белең алу қаупіне байланысты жеке тұлғалардың одақ аумағында уақытша болу уақытын ұзартты.
Осылайша, ЕЭО аумағына уақытша кіргізілген автокөлік пен басқа да техника иелері келесі жылға дейін оны қайта шығару міндетінен босатылды.
Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаменті елге Армениядан әкелінген машиналарды тіркеу мерзімі келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылғанын мәлімдеді. Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" 306-қаулысына тиісті өзгеріс енгізілді.
Олжас Оқас