Армениядан келген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

1367

Сары нөмір 2022 жылғы 1 наурызға дейін беріледі.  

Армениядан келген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Үкімет сары нөмір беру мерзімін ұзарту жөнінде қаулы шығарды. ҚР ІІМ хабарлағандай, тіркеу мерзімі бір жылға ұзарды, деп жазады inbusiness.kz.

“Қазір тіркеу талабына сай келетін 20 мыңнан аса автомобиль уақытша есепке қойылды. Ал мыңнан астам көлік иесіне машинасын тіркеуге не елден шығаруға кедергі болған бірнеше себеп бар. Нақтырақ айтсақ, індеттің өршуіне байланысты шекараның жабылуы мен карантин шараларының ұзаққа созылуы автокөліктерді Арменияға қайта жеткізуге мүмкіндік бермеді”, – деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі.
 
ІІМ өкілдері атап өткендей, кейбір көлік иелері “қаржы пирамидасына” қатысты қылмыстық іс жүріп жатқандықтан (автокөлік ломбард пен шағын несие ұйымдарында кепілде тұр) машинасын қолдана алмай жүр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда одақтас елден келген машиналарды уақытша тіркеу 2020 жылы 1 маусымда басталды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу