Армениядан Павлодарға 182 көлік әкелінген

741

Алайда оның 77-сі тіркеуге қойылған жоқ. 

Армениядан Павлодарға 182 көлік әкелінген

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар облысының тұрғындары Армениядан 182 автокөлік әкелген. Алайда, оның 77-сі тіркеуге алынбаған. Себебі, 77 көліктің рөлі оң жақта орналасқан. Сондықтан, тіркеуге жатпайды. 

"Бүгінде барлығы 80 көлік есепке алынды. Автокөлік иелері енді Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады. Жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, автомобиль көлігі салығын төлеуге де құқылы", – дейді мамандар.

Еске сала кетейік, Павлодар облысына Арманиядан әкелінген көлік иелеріне берілетін мемлекеттік тіркеу белгілері сары түсті болады. Онда Аймақтың нөмірімен (14) бірге А әрпінің белгісі бар.

Осы жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Ертіс ауданында жүзеге асырылады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу