Армениялық көлік иелеріне тағы жеңілдік жасалады

485

Армениядан машина әкелгендер елден шықпай-ақ, тиісті тексерістен өте алады.

Армениялық көлік иелеріне тағы жеңілдік жасалады

Қазіргі уақытта рөлі оңнан сол жаққа ауыстырылған не басқа бөліктері өзгертілген армениялық автокөлікті уақытша тіркеу үшін иесі көлік құралының қауіпсіздігін растайтын куәлік көрсетуге тиіс. 

Бірақ "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 ТР-ке сәйкес, тек Қазақстанда тіркелген автокөлікті ғана зертханада тексеріп, тиісті құжат беруге рұқсат етілген. Жергілікті мекемелердің шетелдік көлікке куәлік беруге құқығы жоқ. Яғни, Арменияда тіркелген қайта жабдықталған машинаны алған ел азаматы көлігін уақытша тіркеу үшін одақтас елге барып, тексерістен өтеді де, артынша елге оралып, сары нөмір алады. 

Енді қазақстандық ІІМ көлік құралдарын тіркеу ережелеріне өзгерту енгізетін бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, армениялық көліктің 17 саннан тұратын сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда тексерістен Қазақстанда өте алады. 

Бұйрық күшіне енген соң машиналарды ел аумағындағы кез келген сертификатталған зертханада тексеруге мүмкіндік болады. 

Олжас Оқас

Фото: kstnews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу