Армениялық көлікті тозғанша айдауға болады

850

ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы бүгін жарияланды.  

Армениялық көлікті тозғанша айдауға болады

Нөмірі 306-құжатты "Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" деп атапты.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап сол рөлді армениялық көліктерді уақытша тіркеуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай машиналарды тіркеу ережелерін ҚР ІІМ әлі әзірлеп жатыр. Құжатта оның мерзімі көрсетілмеген, сондықтан 18-аймаққа тиесілі сары нөмірдегі көлікті әбден тозғанша (көлік иесі оны бастапқы тіркеу не ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдағанша) мінуге болады. Машинаны Қазақстанда сата алмайсыз. Уақытша тіркеу үшін 0.25 АЕК, яғни 694.5 теңге төлеу қажет. Одан бөлек, көлік иесі мемлекеттік нөмір мен төлқұжат үшін (нөмірге – 2.8 АЕК не 6 111.6 теңге, ал төлқұжатқа – 1.25 АЕК не 4 167 теңге) төлем жасайды.

Уақытша тіркелген армениялық машиналарға Қазақстанда да, Арменияда да салық төленеді. Техникалық тексерістен Қазақстанда өтуі керек. Ал автокөлікті тұрақты тіркеуді ұйғарсаңыз, утилизациялық алым мен кедендік айырманы төлеуге тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу