Бүгін Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Армения шекарасындағы ұрыс кезінде қаза тапқан 21 әскери қызметшінің есімдерін жариялады. Осылайша, Баку қазір Әзербайжан тарапынан 71 әскери адамның қайтыс болғанын растады.
Бұған дейін республика Қорғаныс Министрлігі 50 қаза тапқан сарбаздар мен офицерлер туралы хабарлаған болатын.
Армения бүгінгі таңда өз тарапынан 105 әскери қызметшінің қаза тапқанын мойындады.
Әзірге ресми расталмаған мәліметтерге сәйкес, Әзербайжан билігі қаза тапқан армян әскерінің шамамен 100 денесін Ереванға беруге дайын екені айтылады. Сондай-ақ БАҚ-та Әзербайжан тұтқынына түскен Армения Қарулы Күштерінің 20-ға жуық сарбазы туралы хабарламалар бар.
Динара Мұрат