Арменияның бұрынғы президентінің мүлкі тәркіленді

437

Серж Саргсянға 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Арменияның бұрынғы президентінің мүлкі тәркіленді

Арменияның экс-президенті Серж Саргсянның мүлкі тәркіленді. Ол аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталуда. Деректі елдің тергеу қызметі хабарлады.

Анықталғандай бұрынғы мемлекет басшысына 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізде болса, Саргсянға мемлекеттік бағдарламамен шаруаларға бөлінетін субсидияны өзінің таныстарына берді деген айып тағылған. Шығын көлемі – 1 млрд 269 млн 275 мың  драм.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу