Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян ұлымен бірге ұсталды

Бұл туралы Арменпресс агенттігі жазды.   

Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян ұлымен бірге ұсталды Фото: armenpress.am

Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак Кочарян Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет жүргізіп жатқан тергеу аясында ұсталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

25 тамыз күні Роберт Кочарянға және оның отбасы мүшелеріне тиесілі бірнеше мекенжайда тінту және өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны белгілі болған-ды. 

Роберт Кочарян кеңсесінің басшысы Баграт Микоянның сөзінше, Арменияның екінші президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жеткізілген.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары Роберт Кочарянның ұлдары Левон мен Седрак Кочаряндардың пәтерлеріне кірген.

Жақында ғана парламентте Левон Кочарян мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян сөзге келіп қалды. Кочарянның ұлы үкімет басшысын "арамза, сатқын" деумен қоса, оны "мыңдаған адамның өліміне себеп болды" деп айыптады.

Осыған жауап ретінде Пашинян Кочаряндар отбасының миллионер атануына қандай қаражат себеп болғанын сұрап, отбасы мүшелерін жауапкершілікке тартуға уәде берген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу